12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге даярлық жағдайында психолоиялық қызметті жетілдіру .
«ХХІ ғасыр – психология ғасыры», - деп Эйнштейннің айтып кеткеніндей, қазіргі кезде барлық білім беру салалары психология ғылымына аса ден қойып отыр. Қазақстанда психологиялық қызмет мәселесі үлкен тақырып. Әсіресе ағарту саласындағы психологиялық мәселе 9000-нан астам мектебі бар, 3 миллн. оқушысы бар елде өте қажет. Білім беру жүйесінде қазіргі таңда психологиялық қызмет жетілдіруде. Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің ұйындастыруымен «Мейірім» психологиялық тренинг орталығын ашылып отыр, оған ғылыми жетекшілікті облыстық Ұлттық ассоциацияның төрайымы Бизакова Фатима Әбдіқызы жүргізеді.
1 слайд «Мейірім» психологиялық тренинг орталығы
Құрметті әріптестер «Мейірім» психологиялық тренинг орталығының мақсаты:
2 слайд Психологиялық зерттеудің кеңес берудің, түзету мен жеке тұлғаны дамыту жұмыстарының әдістерін меңгерту арқылы психологиялық қызметті жетілдіру.
3 слайд Міндеті:
мектеп психологтарымен ағарту жұмыстарын жүргізу;
аудан психологтарының кәсіби шеберліктерін арттыру;
оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;
4 слайд , 5 слайд, 6 слайд «Мейірім» психологиялық тренинг орталығының құрылымы: Орталықта аудан мектептерінің 12 психологы қызмет етуде. Бұл мүшелерінің әр қайсының міндеті бар. Жетекші
Орталық жұмысының ғылыми негізділігіне басшылық етеді. Психолог-фасилитатор
Қарым-қатынас барысында режиссер, дирижер, және ұйымдастырушы міндетін атқарады Психолог-диагност
Анықтау жұмыстарымен айналысады. Сауалнамалар, тестер жүргізеді Психолог-ағартушы
Орталық жұмыстарына қатысатын әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді Психолог-аналитик
Талдау, жүйелеу, қорыту (интерпритация) жұмыстарымен шұғылданады. Психолог-корректор
Дамыту, түзету жұмыстарымен айналысады. Психолог-референт
Орталық іс-құжаттарын жинақтайды, реттейді. Техникалық хатшы
Техникалық құралдармен қамтамасыз етеді: бейнетаспа, бейне сурет және т.б.
7 слайд «Мейірім» орталығының жұмыс мазмұны Орталықтың жұмысы 8 блоктан тұрады: 3 блок психологтарға, 2 блок мұғалімдерге, 2 блок оқушыларға, 1 блок мектеп басшыларына арналады.
8 слайд Блок №1 Бірінші блогымыз психологтарға арналған «Коммуникативті өрісті дамыту» тақырыбында өтті.
9 слайд Блок №2 Екінші блогымыз ата-аналарға арналған. «Отбасы мен мектеп арасындағы психологиялық қарым-қатынас» Мақсаты: мектеп және жанұяның ынтымақтастығын нығайту.
10 слайд Блок №3 Мектеп психологтарымен өткізілді. Тақырыбы «Өркениетті білім жүйесіндегі психологиялық қызмет»
11 слайд Блок №4 Мектеп басшыларымен «Басқару жүйесіндегі психологиялық қызметінің рөлі». Мақссаты:оқу үрдісінің қатысушылармен қарым-қатынасын нығайту.
12 слайд Блок №5 Мектеппсихологтарына арналған
13 слайд Блок №6 « Дарынды балаларға – дарынды ұстаз» атты аудан мектептерінің мұғалімдерімен жүргізілді.
Мақсаты: Мұғалімдердің дарынды балармен жұмыс істеу барысында психологиялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми шығармашылық қабілеттерін арттыру. 14 слайд Эмблема Құрметті әріптестер! «Мейірім» психологиялық тренинг орталығының ашылуы – бұл өте ауқымды және қажетті жұмыс. Осыған байланысты біздің орталығымыздың көтеретін жүгі де ауыр. Егер біздің атқарған іс-шараларымыз адамзаттық қадыр-қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза азаматтар тәрбиелеуге көмектессе, сонда ғана біз өз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз. 12 жылдық білім беру жүйесінде психологиялық қызмет ауадай қажет.