Ғылыми – зерттеушілік, эксперименттік – тәжірибелік жұмыстар, мұғалімдердің шығармашылық іс - әрекетін жетілдіру – аудандық білім бөлімінің жұмысыныңбасым бағыты
Құрметті әріптестер !
Алдымызда баршамызға ортақ өте маңызды және үлкен дайындықты қажет ететін жұмыстар тұр.
12 жылдық оқыту жүйесі – заман талабынан туындаған еліміз үшін аса маңызды бетбұрыс. Оны жүзеге асыру үшін, ең алдымен мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру қажет.
Мұғалімдердің жаңаша жұмыс істеуіне, өзі әрекетінің биігіне шығуына жағдай жасау, оларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында медиатека құрылды.
Мұғалімдердің шығармашылық іс - әрекетін дамыту, зерттеу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмысты “Педагогикалық инновация” бөлімі үйлестіреді. Бұл жұмыстарға ғылыми жетекшілікті “Сатылай комплексті талдау” төл технологиясының авторы, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, оқулық авторы Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова жүргізедіАудандық білім бөлімінің жүйелі жұмысының нәтижесінде мұғалімдер ізденіс жағдайына түсті.
Жаңа формацияның мұғалімдері қалыптаса бастады. Жаңашыл, әдіскер, зерттеуші, шебер мұғалімдер дараланып Республика, Халықаралық деңгейге өздерін танытуда.