«Өркениеттің шынайы белгісі – мемлекеттің байлығы мен білімінің деңгейі де, қалалардың үлкендігі мен өнімінің молдығы да емес, ол – мемлекеттің тәрбиелеп шығарған азаматы» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, 12 жылдық білім беруде тәрбиенің орны ерекше.
12 жылдық білім берудегі тәрбиенің мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін - өзі белсенді етуге дайын, жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, өз ойын еркін айта білетін, шығармашыл, білімді тұлға қалыптастыру. Мұндай тұлға қалыптастыру үшін – ең алдымен бала бойына рухани – адамгершілік құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, сана арқылы түсінуге, сол арқылы белгілі бір құзыреттілікке жетуі қажет.
Бала бойында құзырлықты дамыту мақсатында Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінде «Болашақ» тәрбие бөлімі жұмыс істейді “Болашақ” тәрбие бөлімінің мақсаты:
Білім беру ұйымдарында педагог тәрбиешілердің кәсіби құзыретін арттыру арқылы баланың жан – жақты құзыреттілігін дамыту, мектептердің тәрбие жұмысын сапалық дейгейге көтеруге ықпал ету. Міндеті:
- тәрбие саласының мамандарына әдістемелік көмек көрсету;
- аудандық білім мекемелерін ақпаратпен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
- білім мекемелерінде бала бойына құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту іс - әрекеттерін ұйымдастыру, осы бағыттағы тәрбие жұмысын үйлестіру;