Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселенің бірі – 12 жылдық білім беруге көшу.
Ондағы негізгі мақсат – білім беру жүйесін жаңарту. Қазақстанда білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалуда.
ХХІ ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдылықтары айқындалды
Т.Рысқұлов аудан әкімияты білім бөлімінің қазіргі жағдайы:
Білім құндылыққа айналған ХХІ ғасырда шәкірттеріміз сапалы білім алу керек десек, бұл күнде оны 1872 педагог іске асырып отыр. Ауданымыздың 43 мектебінде 13 317 оқушы білім алуда.
Ауданның 9 елдімекенінен 7 мектепке 362 оқушы тасымалданып оқытылады. 189 оқушы М.Төлебаев атындағы саз мектебінде және 350 оқушы балалар мен жасөспірімдер орталығында қосымша білім алады. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балалары қамтылған, 88 % құрайды.
Білім бөліміне қарасты 51 мекеме бар. Ауданда 29 мектепте валеология кабинеттері, 32 мектепте арнайы спорт алаңдары, 26 спорт залы, 30 асхана бар. Ауданда 43 мектепте телефон байланысы бар, 41 мектеп Интернет желісіне қосылған.
8 мектепте негізгі пәндерді 355 оқушы тереңдетілген сыныптарда оқиды. Шет тілін ерте бастан оқыту эксперимент алаңы және мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын шағын орталық жұмыс істейді.
Аудан көлемінде білім беру ұйымдарының желісі, материалдық – техникалық базасы даму үстінде.